Жаттықтырушылар

Абдулмажит Марзия Нуридинқызы

09.07.1993

Білімі жоғары Л. Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Мамандығы: Халықаралық қатынастар

Жұмыс өтілі 2 жыл

Шаматульская Дарья Сергеевна

12.11.1998

Білімі Орта кәсіби, Қазақ дене шынықтыру туризм және сервис колледжі, Алматы қаласы

Мамандығы: Дене шынықтыру және спорт, жұмыс өтілі  2 жыл

Жакупов Жанболат Жанатович

20.06.1992

Білімі жоғары, Қазақ спорт және туризм академиясы

Мамандығы: Дене шынықтыру және спорт, жұмыс өтілі 6 жыл

Біліктілік санаты: Қазахстан теннис федерациясы ITF Level I

 

Байгулов Талғат Кенжебекович

24.02.1987

Білімі жоғары, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

Мамандығы: Дене шынықтыру және спорт, жұмыс өтілі 2 жыл

 

Елтаев Адиль Бауыржанович

12.03.1994

  • Білімі жоғары, Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Мамандығы: Дене шынықтыру және спорт, жұмыс өтілі  5 жыл
  • Біліктілік санаты: Қазахстан теннис федерациясы ITF Level I

Чвалун Александр Юрьевич

1971 жылы 11 желтоқсанда туған.

8 жасында Шымкент қаласындағы теннис секциясына қатысты. Бірінші жаттықтырушысы бүкіл Қазақстан бойынша белгілі – Рашит Хасанов. Тенниспен айналысу жылдарында кеңес жарыстарының  көптеген жүлделі орындарына ие болды. 2000 жылдан бастап қоғамдық негізде жаттықтырушы болып жұмыс істеді, ал 2009 жылдан бастап балалар жаттықтырушысы болды және ҚР чемпиондарын және республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған көптеген спортшыларды тәрбиелеген.

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген.  Сонымен қатар, медициналық біліміне ие, бұл өз кезегінде баланың физиологиясы және моторикасын түсіне отырып, балалармен жұмыс істеуге көмектеседі. Курстарға қатысып, ITF Level I сертификатын алды, Қазақстан Теннис Федерациясының (ҚТФ) I санатты жаттықтырушы, II санатты жаттықтырушы.

Куцан Василий Васильевич

1968 жылы 7 желтоқсанда туған.

4 жылдан астам жұмыс өтіліне ие және өзін жауапты, талапшыл жаттықтырушы ретінде көрсетті. Спортшылардың ата-аналарымен оңай тіл табысады, сонымен қатар балалармен өте жақсы тіл табысып, әр баланың бабын таба алады және ата-аналар мен балалардың жоғары бағасына ие. Тараз қаласында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша «Болашақ» Тараз колледжінің орта дене шынықтыру біліміне ие (ОДБ).

Теннистен «Play Tennis» бастауыш деңгейдегі нұсқаушы. Оның жас қатысушылар арасында  «Жасыл доп» және «Қызғылт сары доп» жарыстарының жүлдегерлері бар.

Канафина Джамиля Боранкұлқызы

1994 жылы 12 сәуірде туған.

Орталығымыздың жас жаттықтырушыларының бірі. Джамиля 2017 жылдан бастап жалпы дене дайындығы бойынша (ЖДД) жаттықтырушы, 2020 жылдан бастан «Қызыл доп» нұсқаушысы. Спорт әлеміне 4 жасында келді, ал 7 жасынан бастап көркем гимнастикамен және 12 жастан кәсіби жеңіл атлетикамен айналысқан.

Спорт саласында өткізген жылдарында жеңіл атлетикадан ҚР СШ спорт шебері атағына ие болды, жеңіл атлетика бойынша бірнеше мәрте ҚР және Орта Азияның чемпионы, жастар және ересектер арасында  кедергімен 100 метр жүгіруден Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жүлдегері, ҚР құрамасының мүшесі. Ш. Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінің Жоғары дене шынықтыру біліміне ие.

  • Балалар мен жасөспірімдерге арналған ЖДД тақырыптағы семинар.
  • Аяқтардың диагностикасы және терапиясы.
  • Жүру және жүгіруді талдау.
  • Спорттағы допингке қарсы бақылау.
  • Спорттағы психология. Балалар психологиясы, психология кәсіби спортта.
  • Спорттағы физиология. Циклдық спорт түрлерінде аралық тренингтің теориясы мен әдістемесі.
  • Спорттағы нутрициология және диетология.
  • Семинар «play tennis 10’s», семинар «tennis 10’s».

«Жаттығуларымның барысында дене дайындығы қажетті нәтижелерге жету үшін үлкен рөл атқаратынын түсіндім, сондықтан мен бұған үлкен мән бердім,  жаттығу процесіне тереңдей қарап,  дене дайындығын зерттей бастадым.  Бұл мені таңдаған мамандығыма әкелді. Дене дайындығы – кез-келген спорт түрінде базасы және негізі болып табылады, бірде-бір кәсіби атлет онсыз жұмыс істей алмады. Тұрақты жаттығулар арқасында дене шынықтыру дайындығы нәтиже және одан әрі тиімділігін береді.

Мен барлық спортшыларға жақсы физикалық формада ұзағырақ болуын, жоғары жетістіктер тілеймін және ең бастысы өз мақсатын нақты түсінуге».

Шарипов Марат Канатович

1987 жылы 31 наурызда туған.

Ерте балалық шақтан бастап тенниспен айналысқан, осыдан аталған спорт түріне деген сүйіспеншілігіне ие. Тенниспен шұғылдану уақытында спорт шеберінің үміткері (СШҮ) мәртебесін алды. Бапкерлік мансабы 12 жылдық өтілі мен тәжірибесіне ие. Қысқа уақыт аралығында ITF Level II сертификатын алды, II санатты жаттықтырушы сонымен қатар, Қазақстанның Теннис Федерациясының (ҚТФ) II санатты жаттықтырушы болып табылады.

Жоғары дене шынықтыру біліміне ие. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша «Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін» бітірді.  2007 жылы Қазақстан рейтингінде 7 орында. Жұп дәрежеде ҚР ересектер чемпионатының финалына үш мәрте  қатысты. 2004 жылы жеке дәрежеде жастар чемпионатының үшінші орын иегері.

2008-2009 жылдары 14 жасқа дейінгі жастар құрама командасының капитаны болып тағайындалды. 2020 жылғы Бельгияға қарсы FedCup-таҚР  ересектер құрамы капитанының көмекшісі.

Бородина Галина Александровна

1973 жылы 22 ақпанда туған.

30 жылды құрайтын жаттықтырушылық жұмыс жылдарында өзін тәжірибелі, батыл және талапшыл маман ретінде көрсетті.

Түрлі деңгейдегі көптеген сертификаттарға ие, сертификат level-1, сертификат PTR (кәсіби жаттықтырушылардың қауымдастығы), сондай-ақ екінші жоғарғы санатты жаттықтырушы болып табылады. Омбы мемлекеттік дене шынықтыру институтын тәмамдаған және дене шынықтыру мамандығы бойынша Сібір мемлекеттік академиясының толық курсын бітірген.

Институтта оқу кезінде дене шынықтыру және спорт оқытушысы біліктілік дәрежесі берілген. Галина Александровнаның спортшылары көптеген наградалар жеңіп алды да, халықаралық және ішкі турнирлер мен чемпионаттардың жүлдегерлері.

Тәрбиеленушілері арасында 18 жасқа дейін ITF рейтингі топ-100 кіретін балалар да бар.

Герасименко Всеволод Андреевич

  • 2002 жылғы 5 шілдеде туған.
  • Бірінші ересек разряд
  • Almaty gold pro series жүлдегері
  • Shymkent gold pro series жүлдегері
  • Жаттықтырушы қызметіндегі жұмыс өтілі быыыір жыл.
  • Білімі: Орта,Букетов атындағы  Қарағанды мемлекеттік университетінде оқып жатыр.