Жемқорлыққа қарсы стандарттар

Бекітемін 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Дәулет» спорткомбинаты» МКҚК басшысы

_____________Қ. Ельжанов

2020 ж. «___»  ____________

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Дәулет» спорткомбинаты» МКҚК

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

 

 

  1. Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Дәулет» спорткомбинаты» МКҚК (бұдан әрі – Кәсіпорын) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-баына сәйкес жасалды және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Дәулет» спорткомбинаты» МКҚК құзыреті саласында тыйым салулар, шектеулер және рұқсаттар жүйесін құрайды.

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың мақсаты жемқорлық көріністерінің алдын алу, құқықтық сауаттылығын және Кәсіпорын қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті арттыру болып табылады.

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың міндеті:

1) Кәсіпорын мамандардың өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлық және жауапкершілікті қалыптастру;

2) сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және олардың теріс салдарын уақтылы анықтау;

3) Кәсіпорын тиімділігін арттыру;

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қолдану және орындау:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар Кәсіпорын қызметінде өз міндеттерін және құқықтарын іске асыру және жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін жүзеге асыру кезінде қолданылады;

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар Кәсіпорынның барлық қызметкерлерімен орындау үшін міндетті;

3) Кәсіпорын жұмыскерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қолдану және орындау үшін дербес жауапты.

 

  1. Кәсіпорын қызметкерлерімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын сақталуын бақылауды Кәсіпорын басшысы жүзеге асырылады.

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын өзгерту «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізіледі.

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар белгіленген ережелерінің мүлтіксіз сақталуына және қызмет саласына байланысты сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын-алуға бағытталған, Кәсіпорынның қызметкерлерінің әрекеттер мен шешімдерін анықтайды.

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қолданылады:

1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде;

2) құзірет шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде;

3) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезде;

4) сала ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге де өзара қарым-қатынас кезінде.

 

  1. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде қажет:

1) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;

2) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйым салуларды сақтауға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын  ақпаратты жария етпеуге және (немесе) таратуға;

4) Кәсіпорын қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбауға.

 

  1. Құзірет шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:

1) мүдделер қақтығысына жол бермеу, туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды жою жөніндегі шараларды қабылдауға;

2) шешімді шығаруға секемденетін бақылау және қадағалау іс-шараларды және өзге де іс-әрекеттерді жүргізу кезінде, мәселелерді объективті қарастыруға, тек қана Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешім қабылдауға;

3) өкілеттіктерін оларға берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес жүзеге асыруға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасын, құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;

5) тексеру кезеңінде тексерілетін субъектілердің белгіленген жұмыс тәртібіне кедергі келтірмеуге;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген алдын алу, анықтау және талаптарын бұзуға жолын кесу жөніндегі берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;

 

  1. Сала ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге де өзара қарым-қатынас кезде:

1) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеуіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

2) заңда тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік белгіленген теріс қылықтар және өзге де құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеуге;

3) іскерлік этикет ережелері мен ресми мінез-құлықты сақтауға.

 

 

 

Мемлекеттік сатып алу және

кадр жұмысы бөлімінің басшысы                                        С.Салимбаев